Выставки

Amazing Maze: Алматы қаласында Латынамерикалық Варгас-Суарез Юниверсалдың жеке көрмесі ашылды

EGIN жаңа мәдени орталығында Варгас-Суарез Юниверсалдың Қазақстандағы тұңғыш жеке көрмесі өтуде. Көрерменді суретшінің соңғы суреттері, саунд арт, киіз жұмыстары мен бейне инсталляциясы күтіп тұр. 

Көрменің Amazing Maze атауы латынамерикалық жазушы Хорхе Луис Борхестің «Айырылған жолдар бағы» шығармасымен байланысты. Шығармадағы лабиринт бағы кітап жазу метафорасы болып табылады. Юниверсалдың суреттердегі векторлар осы лабиринтке сілтеме жасай отырып, лабиринтті тілдік, мәндік, өмірлік мәнмәтінде қарастырады. Оның жұмыстарында Наска топологиялық геоглифтерінің ықпалы айқын көрінеді. Олар суретшінің NASA ғарыш орталығы орналасқан Хьюстондағы бала шағымен байланысты болып келеді.

«Латынамерикалық мистицизм, бақсылар, геоглифтер, тастардағы перуандық құстардың суреттері Қазақстандық мәнмәтінінде молайтылады: Қазақстандағы жартастарға салынған суреттер, түрлі құрылыстар, кірестер. Жалпы Жерді ғарыш тұрғысынан көру ол тек Майя мәдениеті, жұлдызды бақылап, бағытын тапқан көшпенділерге ғана тән нәрсе емес, ондай ерекшеліктер дәстүрлі мәдениеттерде жиі кездеседі», — куратор Влад Слудскийдің көрменің Қазақстандағы өзектілігі жайлы ойы.

Куратордың айтуы бойынша, ғарыштағы ең алғаш адамның Қазақстандағы Байқоңыр космодромынан ұшуы да, NASA-лық инженерлердің арасында өскен Юниверсалдың көрмесімен әсерлі байланыс жасайды. Қазіргі кезде суретші Байқоңыр маңындағы ғарыш қоқыстарын жинайтын адамдарды іздеуде.

EGIN — Алматы қаласында жаңа ашылған мәдени орталық. Қазіргі кезде осы кеңістікте Юниверсалдың көрмесінен басқа отаршылдық жайлы семинар мен ашық лекциялар өтуде. Жобаның жоспарында үлкен кітапхана, түрлі шеберханалар ашу.

Варгас-Суарез Юниверсалдың «Amazing Maze» жеке көрмесі сәуірдің 19-на дейін өтеді. 

Мекенжайы: Алматы қ., Нұрмақов көшесі 79 (EGIN кеңістігі).

Сейсенбі – Жұма  12:00-ден 19:00-ге дейін. Сенбі – Жексенбі алдын ала жазылу бойынша.

Кіру тегін.

Амир Шакаров

Recent Posts

«Никто не воспримет это всерьез»: Камила Рустамбекова о своей первой персональной выставке

Камила Рустамбекова — фотографиня-документалистка и режиссерка из Ташкента. Ее работы сосредоточены на исследовании современного узбекского…

26 апреля, 2024

Фонд имени Батырхана Шукенова открыл прием заявок на четвертую резиденцию Batyr Lab

В Алматы начался прием заявок на четвертую музыкальную резиденцию BATYR LAB, организованную Фондом имени Батырхана…

26 апреля, 2024

В Венеции начал действовать платный въезд в город

С 25 апреля туристы, желающие посетить исторический центр Венеции на один день, должны будут заплатить…

25 апреля, 2024

В Лувре пройдут занятия йогой в рамках летних Олимпийских игр

В Париже музей Лувра организовывает занятия йогой и спортом в своих знаменитых галереях в рамках…

25 апреля, 2024

Jerūiyq: путешествие в колониальное прошлое. Что представил Казахстан на 60-й Венецианской биеннале?

Этот год знаменует второе независимое участие Казахстана в истории Венецианской биеннале. Это значит, что начиная…

24 апреля, 2024

Известного казахстанского фотографа Азамата Кенжегулова признали виновным в изнасиловании

В Алматы суд Медеуского района приговорил к 5 годам лишения свободы известного казахстанского фотографа Азамата…

24 апреля, 2024