Выставки

«Талқан, тары, топырақ» атты Аида Әділбектің жеке көрмесі

Алматыда Atelier Cauchemar кеңістігінде Аида Әділбектің «Талқан, тары, топырақ» атты жеке көрмесі өтіп жатыр. Онда жас суретші күнделікті тұрмыстан салтанатты өмір салтына айналатын отбасы ішіндегі әдет-ғұрыптар жайлы ойларын ұсынды.

Көрме «Жеті қарақшы» атты фотосуреттер топтамасымен ашылады. Суреттер суретшіге әжесі тәтті тағам, зергерлік бұйымдар салып әкелетін, қолдан тігілен қалталарды бейнелейді.

«Осы қалталардың барлығын әжем өзі тіккен, ішіне түрлі сый-сияпат салып әкелетін: құрт, талқан, ыдыс-аяқ, тиын, ақша, асыл тасты сақиналар мен менің болашақ қанжығама қажетті заттар. Бұл біздің мәдениетімізге тән қасиет, сырттан қарағанда сөзсіз білдіретін мағынасы көбірек. Әжем тамақ әзірлеп, әкелсе, мен үшін бұл жай тамақ емес. Мұндай әрекет арқылы бір-бірімізге мәдени ақпарат жеткізіп, және, ең бастысы, қамқорлық пен махаббат сезімдерін білдіре аламыз», – дейді Аида Әділбек.

Сондай-ақ, экспозицияда «Бата беру» баталар мен тілектер жинағы, «Көбелек» видео-монологы және де көрменің орталық жұмысы болып саналатын «Алақан» қысқаметражды деректі фильмі бар.

Фильмде суретші камераның арғы жағындағы оқшау адам емес, барлық отбасылық және күнделікті оқиғалардың белсенді қатысушысы болып келеді. Аида анасы мен әжесінің үй ішіндегі шаруасынан әйел адамның күнделікті жұмысының киелі ырым салттарына айналғанын зерттейді. Құртты бірге пісіру болсын, ыдыс жуу болсын, ауладағы гүлді суару мен тазалау – мұның бәрі әрбір кейіпкердің өміріндегі ерекше, маңызды және қажетті үдеріске айналады. Қарапайым болып көрінетін күнделікті іс-әрекеттерде ұрпақтан-ұрпаққа, анадан қызға, әжеден немереге берілетін қасиетті білім мен дағдылар жатыр.

«Аида Әділбектің «Талқан, тары, топырақ» атты жеке көрмесі – қыз бен ана, немере мен әженің арасындағы қарым-қатынастан туатын, қамқорлық пен бір-біріне деген қолдау басшылық ететін, ортақ қауіпсіз кеңістіктің мерекесі. Мұнда олар ұрпақтар бойы жинақтаған даналық пен сондай-ақ қолдан жасалған тұрмыстық заттармен оңай бөлісіп, бір-біріне аманат етеді», Ділдә Рамазан, көркем сыншы және куратор.

Айта кетерлік, Аида Әділбектің ұрпақтар сабақтастығы мен бірінен екіншісіне өтетін дәстүрлерді қарастыра отыра, біз Қазақстандағы қыз балалар мен әйелдердің құқықтары және бостандығына қатысты шектеулерге қарсы болуымыз қажет екенін айта кетеді.

«Қазақта «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген жақсы мақал бар. Меніңше, бұл мақал күнделікті, бізге жететін мұраға, күнделікті өмірге тікелей қатысты. Сондықтан жеке адамның құқықтарының бостандығы, меніңше, сыни көзқарастың дамуы, білім-ғылымға деген талпыныспен бірге жүреді», – деп суретші атап өтті.

«Талқан, тары, топырақ» атты Аида Әділбектің жеке көрмесі 2023 жылдың 30 сәуірге дейін жалғасады.

Мекен жайы: Гоголь к-cі, 40 (Atelier Cauchemar).

Жұмыс уақыты: сейсенбі — жұма 14:00-20:00; сенбі — жексенбі 12:00 — 20:00.

Кіру тегін.

Аида Әділбек – алматылық суретші және куратор. Аида Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын өнертану мамандығы бойынша 2016 ж. бітіріп, 2020 жылы Goldsmiths, University of London MFA in Fine Art бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған. Оқудан оралған соң, әріптестерімен бірге MATA көркемөнер ұжымын құрады, 2021 жылдан бастап Ортаазиялық DAVRA зерттеу тобының мүшесі болып келеді. Оның көркемөнер тәжірибесі әйел жан дүниесі мен тәнінің қасиеттерін мәдени нышандар мен күнделікті өмірдің қарапайым элементтері арқылы зерттеу айналасында дамып келе жатыр. Оның басты айналысатын медиумдары перформанс және көркем видео. Сонымен бірге, Аида көрмелер және басқа да көркемөнер аясындағы іс-шаралар ұйымдастырумен айналысып, Қазақстанның заманауи өнері жайлы мақалалар жазып, авторлық дәрістер оқиды.

Сурет: Анастасия Анисимова. Мәтін: Рус Бикетов, Аида Әділбек.

Art of Her

Новостная редакция Art of Her

Recent Posts

Созданный Альянс кинематографистов Казахстана возрождает кинопремию «Тулпар»

Национальная киноакадемия, Союз кинематографистов и Лига кинематографистов объединились в Альянс кинематографистов Казахстана. Уже в этом…

2 августа, 2024

Айдара Омарова назначили врио президента «Казахфильма»

Азамат Сатыбалды покинул пост главы киностудии имени Шакена Айманова. Временно исполняющим обязанности президента «Казахфильма» назначен…

2 августа, 2024

Новый логотип Лондонского музея вызвал неоднозначную реакцию британцев

Лондонский музей, ранее известный как музей Лондона, представил свой новый логотип в виде белого фарфорового…

1 августа, 2024

Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские игры

Американский рэпер и креативный директор Louis Vuitton Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские…

1 августа, 2024

Более 1,5 млн зрителей посетили театры Казахстана с начала года

Всего с начала года состоялось 170 премьерных спектаклей в 57 государственных театрах страны. Об этом…

30 июля, 2024

Великобритания не будет строить тоннель недалеко от Стоунхенджа

Новое правительство Великобритании приняло решение отказаться от проекта строительства тоннеля недалеко от Стоунхенджа. Проект стоимостью…

30 июля, 2024