Фотографии Романа Анашкина

Мейірімділік

Ата-ана атану – бұл өмірдің ерекше құбылысы. Владимир мен Анар үшін дүние есігі енді ғана ашылғандай, ұлы Аарон сияқты екеуі де өмірге тек балаға ғана тән қуанышты жүзбен қарайды.

Владимир бренд-аспазшы, ал Анар – бренд-стратегі болып жұмыс істейді. Балалы болған екеуі отбасылық үйлесімділіктің құпия кілтін енді ғана тапқандай: «Біздің отбасылық құндылықтарымыз – диалог, адалдық пен ашықтық. Балаға да және бір-бірімізге де солай», — дейді.

Владимир Ворожбитов пен Анар Бакенова

Нежности

Молодые родители – это особый феномен жизни. Мир словно впервые открылся для Владимира и Анар, и они, как и их сын Аарон, смотрят на него с присущим только детям восторгом.

Владимир работает бренд-шефом, а Анар – бренд-стратег. Молодые родители нашли свой секрет семейной гармонии: «Наши семейные ценности — диалог, честность и открытость. Как с ребенком, так и друг с другом».

Владимир Ворожбитов и Анар Бакенова

Tender moments

Being young parents is a special life phenomenon. For Vladimir and Anar it feels as if the world has opened before their eyes for the very first time. Just like their son Aaron, the couple now looks at the world around them with the enthusiasm that only kids possess.

Vladimir works as a brand chef and Anar is a brand strategist. Young parents have found their own recipe for family harmony: «Our family values are dialogue, honesty and openness. And this is true to our relationship with the child and with each other.»

Vladimir Vorozhbitov and Anar Bakenova

Таудың туған күні

Баланың туған күні – маңызды отбасылық мереке әрі жақын адамдарының басын қосуға себеп болатын ерекше күндердің бірі. Фотосуретші Роман Анашкин 3 жасар Тау мен жиналған қонақтарды мерекелік дастархан басында суретке түсіріп алды.

«Жаныңа жақын адамдардың бір дастархан басына жиналып, бір-біріне уақыт бөлуге мүмкіндіктері болып жататын сәттер өткінші. Мұндай сауық кештерінің балалардың есінде ерекше сақталады, өйткені бұл ата-аналардың балалары, отбасы мен достарына ерекше көңіл бөлетін сирек сәттері. Осындай жарқын оқиғаларды жүрегіміз қалап тұрады, өйткені мұнда махаббат бар.

Роман Анашкин, фотосуретшінің бақылауы

День рождения Тау

День рождения ребенка – важный семейный праздник и повод собрать самых близких. Фотограф Роман Анашкин запечатлел за праздничным столом 3-летнего Тау и гостей.

«Мгновения, когда близкие люди собираются за одним столом и могут уделить время друг другу, мимолетны. Детям такие посиделки запоминаются особенно, ведь это те редкие моменты, когда родители погружены в общение с детьми, семьей, друзьями. Хочется, чтобы таких дней было как можно больше, здесь живет любовь».

Роман Анашкин, наблюдения фотографа

Tau's Birthday

A kid’s birthday is an important family celebration and a great reason to gather the loved ones. Photographer Roman Anashkin captured 3-year-old Tau and his guests sitting at the festive table.

«Moments when loved ones gather around the table and dedicate their time to one another are elusive. For children, such gatherings are especially memorable, as these are rare moments when parents are immersed in conversation with their children, family and friends. We want to have as many of these days as possible, this is where love lives.”

Roman Anashkin, observations of the photographer

Суретшілердің отбасындағы кештер

Мүсінші Санжар Досмағамбетов пен суретші Әсел Кенжетаеваның отбасы уақыттарының басым бөлігін 10 жасар ұлы Аңсармен бірге өткізеді. Олар өздерінің туындыларын сүйіспеншілік пен балалық шақтың естен кетпес қызыққа толы сәттерінен сыр беретін тамаша ортада жасайды.

Вечер в семье художников

Известная семья скульптора Санжара Досмагамбетова и художницы Асель Кенжетаевой проводят много времени с 10-летним сыном Ансаром, создавая свои произведения искусства в тёплой атмосфере любви и детских забав.

An evening in the family of artists

The famous family of sculptor Sanzhar Dosmagambetov and artist Assel Kenzhetayeva spend a lot of time with their 10-year-old son Ansar, creating their works of art in a warm atmosphere of love and child’s play.

Желге қарсы

«Қатыгез әке Антон» – Антон Федишин өзін осылай атайды, ол жұбайы Еленамен бірге Илья мен Анисья атты екі тамаша баланы тәрбиелеп отыр. Федишиндер отбасы тау маңында орналасқан зәулім үйге жуырда көшіп келген болатын, олар бұл жерде жанға жайлы отбасылық өмірден ләззат алады.

Антон мен Елена Федишиндер

Навстречу ветру

“Брутальный папа Антон” – так себя называет Антон Федишин, который вместе с супругой Еленой воспитывает двух чудесных особенных детей, — Илью и Анисью. Федишины недавно переехали в большой дом в горах, где они наслаждаются спокойной семейной жизнью.

Антон и Елена Федишины

Into the wind

«Tough dad Anton» — this is what Anton Fedishin calls himself. Together with his wife Yelena he is raising two beautiful, special children — Ilya and Anisya. The Fedishins recently moved into a big house in the mountains, where they enjoy a quiet family life.

Anton and Yelena Fedishina

Отбасылық мереке

Отбасылық мереке — бұл бір үлкен дастархан басында әр ұрпақты байланыстыратын ерекше атмосфера. Суретте — Сүйінбике Сүлейменованың отбасы үшін маңызды отбасылық мереке – 3 жасар ұлы Таудың туған күні.

«Балалы болу – адамды дастарханыңызға шақырумен бірдей. Өмір есігін енді ғана ашқан адам, анамның сөзінше, жоғары жақтан сені таңдап, әлем арасын кезіп жүрген саяхатшы іспетті. Сондықтан дастархан басында жылулықты барынша сезіну үшін көтеріңкі көңіл-күйге басымдық беру өте маңызды. Өйткені, бұл жаңа адамға осы өмірде болуы мүмкін маңызды нәрсені көрсету мүмкіндігі.

Семейный праздник

Семейный праздник – это особая атмосфера, которая связывает разные поколения за одним большим дастарханом. На фото — важный для семьи Суйинбике Сулейменовой семейный праздник — день рождения 3-летнего сына Тау.

«Родить ребенка – как пригласить человека к себе за стол. Нового человека, путника, странствующего между мирами и телами, выбравшего тебя, как мне говорила мама, откуда-то сверху. Поэтому очень важно настроиться на веселье, чтобы за этим дастарханом, в этом доме, было тепло и интересно. Ведь это возможность показать новому человеку ваше любимое, все самое крутое, что может быть в этой жизни».

Family celebration

Family celebration is all about this special atmosphere that gathers different generations around one big table. The photograph features an important family celebration for Suyinbike Suleimenova’s family — the birthday of their 3-year-old son Tau.

«Giving birth to a child is like inviting a guest to your table. A new person, a traveller, who wanders between worlds and bodies and then chooses you from somewhere above, as my mother used to tell me. So it is essential to set yourself up for amusement and to make sure that it is always warm and fun at the table. After all, this is an opportunity to show this new person your favourite things, all the coolest things in life.»

Кемпірқосақтың тууын бақылау

Глеб пен Мәдинаның айтуынша, ата-ана атанған күн – адам өміріндегі ең ерекше күн. Жас жұбайлар екі баланы: 3 жасар ұлы Алан мен 1 жастағы қызы Ноланы тәрбиелеп отыр.

Глеб – кәсіпкер, Мадина – медициналық орталықтың меңгерушісі. Бос уақыттары тапшы екендігіне қарамастан, отбасы мүмкіндігінше бірге уақыт өткізуге тырысады.

«Алан қазір барлық нәрсеге қызығушылықпен қарайтын жаста. Ол барлық әрекеттерін өз бетінше жеке-дара жасап, осындай қылықтары арқылы айналасын танығысы келеді. Сондықтан біз күн сайын кешкі серуенге шығуға тырысамыз», — дейді Глеб күлімсіреп.

Гусак Глеб бір жасар қызы Ноламен

Наблюдения за рождением радуги

По мнению Глеба и Мадины, самый особенный день в жизни человека – это день, когда он становится родителем. Молодая пара воспитывает двух детей: 3-годовалого сына Алана и годовалую дочку Нолу.

Глеб – предприниматель, Мадина – управляющая медицинским центром. Несмотря на занятость обоих родителей на работе, семья старается как можно чаще проводить время вместе.

«У Алана сейчас такой возраст, когда ему все интересно. Он хочет быть самостоятельным и на своем примере понять, как и что устроено. Поэтому мы стараемся ежедневно выходить на вечерние прогулки», — смеется Глеб.

Гусак Глеб с годовалой дочкой Нолой

Watching the rainbow being born

According to Gleb and Madina, the most special day in one’s life is the day they become a parent. The young couple is raising two children: a 3-year-old son Alan and a 1-year-old daughter Nola.

Gleb is an entrepreneur and Madina is a manager at a medical centre. Despite the busy schedules of both parents, the family often spends time in daily strolls around the city.

«Alan is at an age when he is interested in everything. He wants to be independent and to understand how things work by his personal experience. That is why we try to go out for evening walks every day,» says Gleb, laughing.

Gleb Gussak and his one-year-old daughter Nola

Анасының сыңғырлаған күлкісі

«Біз үшін ана алақанының жылуынан қымбат ештеңе жоқ. Ана – жұмақ! Ана – жарық! Ана – бақыт! Ана – сәби күлкісі», — дейді Анараның күйеуі Владимир жылы жүзбен жымиып.

Звонкий мамин смех

«Нет ничего дороже для нас тепла материнских рук. Мама – это небо! Мама – это свет! Мама – это счастье! Мама – это смех», — тепло улыбаясь, комментирует муж Анары Владимир.

Mum’s silvery laughter

«There is nothing more dear than the warmth of mother’s hands. Mum is the sky! Mum is light! Mum is happiness! Mum is laughter», comments Anara’s husband Vladimir, smiling warmly.

Панфилов бойымен серуендеу (Алматы)

Отбасылық серуен кезінде кездейсоқ түсірілген кадрлар – әсерлі және жаныңа жылу береді. Бекжан мен Ләззат Әбіт 2 жасар қызы Раянамен Алматының ескі орталығында серуендегенді қатты ұнатады. Мұндай кездейсоқ жасалған кадрда отбасылық үйлесімділік пен Алматының ескі орталығының бүкіл мәні берілген.

Прогулка по Панфилова (Алматы)

Случайно пойманные кадры во время семейной прогулки – одни из самых эмоциональных и теплых. Бекжан и Ляззат Əбiт вместе с 2-годовалой дочерью Раяной любят прогуливаться по старому центру Алматы. Вся суть семейной гармонии и старого центра Алматы передана в этом случайном кадре.

Walking down the Panfilov Street (Almaty)

Random snapshots taken during a family walk are one of the most emotional and warmest. Bekzhan and Lyazzat Ăbіt, along with their 2-year-old daughter Rayana, enjoy their stroll down the Almaty’s city centre. The essence of family harmony and the old city centre are captured in this photograph.

Тамақтандыру құпиясы

Баланы емізу – бұл тек физиологиялық процесс қана емес, сондай-ақ нәресте мен ана арасындағы қарым-қатынастың құпиясы.

«Босанғаннан кейін баланы емізу мен үшін оңай шаруа болған жоқ, сәбиіме алғаш омыраумен емізгенде соншалықты ауыртады деп, тіпті ойлаған емеспін. Алайда осы сынақтарға қарамастан, мен ұлымның иммундық жүйесінің дамуындағы маңызды кезең екенін ұғынып, емізуді жалғастыра бердім. Ал қызым жайлы айтатын болсам, онымен барлығы әлдеқайда қарапайым болып көрінеді, біз онымен уақытымызды бірге өткіземіз, мен мұны мақтан тұтамын».

Элдана бір жасар Дәмелімен

Таинство кормления

Грудное вскармливание – это не только физиологический процесс, но и таинство общения малыша и мамы.

«Кормление грудью после первых родов мне далось нелегко, я даже не подозревала как это может быть больно. Но несмотря на эти испытания я сквозь слезы продолжала кормить сына, понимая, что это важный этап в становлении его иммунной системы. С дочей все намного проще, это наше с ней время, которым я очень дорожу».

Эльдана с годовалой Дамели

Breastfeeding

Breastfeeding is not only a physiological process, but also a sacrament of communication between baby and mother.

«Breastfeeding was not easy for me with my first child — I had no idea how painful this could be. But despite these trials, I continued to breastfeed my son through tears, realising that this was important for his immune system. With my daughter things are much easier, this is our time, which I value very much.”

Eldana and her one-year-old daughter Dameli

Әкемнің кезегі

Кейде анама уақытын құрбыларымен өткізуге тура келеді, мұндай жағдайда әкем кейбір міндеттерді өз мойнына алуды біледі, мәселен қонақтарға жайылған мерекелік дастархан басынан алыс кетпей-ақ балаға қарау тәрізді жауапкершілікті өзіне артады.

«Әдетте ұлым бір орнында екі минуттан артық отыра алмайды, үй-ішін бойлай оның соңынан жүгіруіңе тура келеді», — дейді күлкіге ерік берген әкесі.

Алексей Шиндин ұлы Арсениймен

Папина очередь

Иногда маме нужно провести время в женском кругу, тогда папа может взять на себя некоторые обязанности, например присмотреть за сыном, не отходя далеко от праздничного стола.

«Обычно он и больше двух минут не сидит, приходится бегать за ним по всему дому», — смеется папа.

Алексей Шиндин с сыном Арсением

It is daddy's turn now

When mum needs some time with her girlfriends, it is daddy’s turn to take on responsibilities — like watching his son without going too far away from the festive table.

«Usually he doesn’t rest for more than two minutes, so I have to follow him around the house”, laughs the dad.

Alexei Shindin and his son Arseny

Іске кіріскен ата-аналар

«Әке болудың, неке мен отбасының басты қуанышы сонда, сен жалғыз емессің. Басыңа бас қосылды деген осы! Бақыт деген де сол, сіздің сүйіспеншілігіңіз балаларыңыздан қайтады, өмірлік жарыңыздан еселеп қайтатын болады! Біз бір-біріміздің қолымызда болған баға жетпес құндылықтарға шын қуанамыз және осы сезімдер арқылы қажеттіліктеріміздің барлығын барынша алып отырмыз», — дейді Антон.

Антон мен Елена Федишиндер ұлы Илья және қызы Анисиямен

Вовлеченные родители

«Восторг отцовства, брака и семьи в том, что ты не один! И тебя стало больше, другого тебя! Счастье в том, что ты генерируешь больше любви, и она к тебе возвращается от детей, от второй половинки троекратно! Мы реально счастливы от того, что есть друг у друга, и с этим чувством берём от вселенной максимально, что она даёт», — комментирует Антон

Антон и Елена Федишины с сыном Ильей и дочкой Анисьей

Engaged parents

«The delight of fatherhood, marriage, and family is not being alone anymore. And there is more to you, there is another you! The happiness is in generating more love, and this love reflects back to you from your children, from your better half! We are really happy with what we have here, and this feeling allows us to take as much as we can from the Universe», comments Anton.

The Fedishins: Anton, Yelena, their son Ilya and daughter Anisya

Галстук таққан әке

Рустам Ахметов – заңгер, сана мен ойлау жөніндегі жаттықтырушы, «Қазақстандағы Әкелер Одағының» белсенді қатысушысы. Қызметінде байсалды әке жұбайы және қыздарымен бірге серуендеген кезде мейірімді және қамқор жанға айналады.

Ахметовтар отбасы

Папа в галстуке

Рустам Ахметов – юрист, тренер сознания и мышления, активный участник “Союза отцов в Казахстане”. Серьезный профессионал на работе преображается в доброго и заботливого папу во время совместных прогулок с дочками и супругой.

Семья Ахметовых

Dad wears a tie

Rustam Akhmetov is a lawyer, trainer of mindfulness and thinking, and an active member of the Union of Fathers in Kazakhstan. Serious professional at work, Rustam transforms into a kind and caring father when going out to stroll with his daughters and wife.

The Akhmetovs

Өрнектеу

«Барлық ата-ана балаларын көзден таса қылмай бақылап отыру керек екендігін біледі. Алайда, олардың асыр салып ойнауына қалайша рұқсат бермейсің? Кейде менің жүрегім қорқыныштан тоқтап қалуға дайын тұрады, алайда мұндай сәттерде сабырым көмекке келеді».

Елена Федишина қызымен

Выкрутасы

“Все родители знают, что за детьми нужен «глаз да глаз», но, с другой стороны, как можно не разрешать им бегать и резвиться? Иногда мое сердце готово остановиться от ужаса, но тут на помощь приходит здравый смысл».

Елена Федишина с дочкой

Full of mischief

“All parents know that they can’t take their eyes off their kids even for a moment. But at the same time, how can you possibly not let them run around and have fun? At times I feel my heart skipping a beat, I get terrified, but then my common sense sets me at ease”.

Yelena Fedishina and her daughter

Күнделікті отбасылық кешкі ас

Кей сәттерде әке болуды қызметпен және үлкен ұжым алдындағы жауапкершілікпен ұштастыру қиын. Кейде кеңседегі ауыр жұмыстан кейін бойың тыныштық пен демалысты қалап тұрады. Алайда, әке болған соң отбасылық тепе-теңдік те маңызды.

«Саналы түрде әке болу – бұл сіздің әке ретіндегі өзіңіздің ең жақсы деген нұсқаңызға айнала білу. Әрине, махаббатпен. Эмпатиямен. Шынайы сезіммен. Саналы түрде. Береке-бірлікпен жасай білсеңіз…».

Рустам Ахметов ұлымен

Обычный семейный ужин

Порой очень сложно совмещать отцовство с работой и ответственностью перед большим коллективом. Иногда, после тяжелого дня в офисе, хочется просто тишины и покоя. Однако, когда ты отец, важен баланс.

«Осознанное отцовство – это когда ты становишься лучшей версией себя в роли отца. С любовью. Эмпатией. Искренне. Осознанно. В изобилии…».

Рустам Ахметов с сыном

An ordinary family dinner

Sometimes it is very difficult to juggle fatherhood and a responsible position in a big team at work. After a hard day in the office, all you want is some peace of mind. However, when being a father, the balance is important.

«Conscious fatherhood is when you become the best version of yourself as a father. Lovingly. Empathically. Sincerely. Consciously. Abundantly…»

Rustam Akhmetov and his son

Ең жақсы құрбылар

«Қызыңызбен ойнап-күле білсеңіз, барлық уайым-қайғы мен ауыртпашылықтарды бір сәтке ұмыта аласың! Мұндай сәттер ойыңды қайта ретке келтіру үшін өте маңызды».

Елена Федишина қызымен

Лучшие подружки

«Как хорошо, когда можно просто подурачиться с дочей и на мгновение забыть обо всех заботах и хлопотах. Такие моменты очень важны для перезагрузки».

Елена Федишина с дочкой

Besties

«How great it is when you can just have fun with your daughter and forget about all the worries and troubles for a moment. Moments like these are essential for recharging».

Yelena Fedishina and her daughter

Кадрдағы – төрт бала

Алихан Мұсатаев – әкелікті және әке болу идеяларын белсенді түрде насихаттап жүрген танымал блогер-әке. Эльдана декреттік демалыстағы маркетолог. Отбасы 3 жасар Самира мен бір жастағы Дәмеліні тәрбиелеп отыр.

«Қолыңыз бос болмаса да, балаларыңызға уақыт табуыңызға тура келеді. Мәселе уақыт санында емес, сапасында. Әкенің бала-шағасына жасай алатын басты жақсылығы мен қамқорлығы – ол анасын бақытты ету! Себебі бақытты ана – бұл бақытты отбасы, бақытты балалар», — дейді Әлихан.

В кадре - четверо детей

Алихан Мусатаев — известный папа-блогер, который активно продвигает идеи ответственного и вовлеченного отцовства. Эльдана – маркетолог в декрете. Семья воспитывает 3-летнего Самира и годовалую Дамели.

«Несмотря на большую занятость, нужно находить время для своих детей. Дело не в количестве времени, а в качестве. А самое лучшее, что отец может сделать для своих детей — это сделать счастливой их маму! Потому что счастливая мама – это счастливая семья, это счастливые дети», — делится Алихан.

Four kids in the pic

Alikhan Mussataev is a famous dad and blogger who actively promotes the ideas of responsible and engaged fatherhood. Eldana is a marketer on maternity leave. The family is raising three-year-old Samir and one-year-old Dameli.

«Despite being very busy, you always have to make time for your children. It is not about the amount of time but the quality of it. And the best thing a father can do for his children is to make their mother happy! Because a happy mum is a happy family and happy children», says Alikhan.

Әйел – әлем бесігі

Әсел Кенжетаеваның айтуынша, әйел суретшілердің шеберханасы ас үйде болады. Кей сәттерде әйелдерге өздерінің өсуі мен дамуы үшін бос уақыт жетпей жатады. Үй тіршілігін, міндеттерді тең бөлу – бұл отбасылық әл-ауқаттың маңызды элементі.

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді…».

Әсел Кенжетаева ұлы Аңсармен

Женщина – колыбель вселенной

Как говорит Асель Кенжетаева, у женщин-художниц мастерские находятся на кухне. Порой женщинам не хватает свободного времени для собственного роста и развития. Равное распределение обязанностей – это важный элемент семейного благополучия.

«Женщина одной рукой качает колыбель, а другой — вселенную…»

Асель Кенжетаева с сыном Ансаром

Woman is the cradle of the Universe

As Assel Kenzhetayeva says, female artists have their workshops in the kitchens. Sometimes women struggle finding free time to dedicate to their personal growth and development. Equal distribution of parental duties is an important element of a family’s well-being.

«A woman rocks the cradle with one hand and the Universe with the other…»

Assel Kenzhetayeva and her son Ansar

Анасының ханшайымы, әкесінің қызы

Бекжан мен Ләззат үшін ата-ана атану бақыты кездейсоқ емес. Ерлі-зайыптылар мұндай бақытты сәттерге ұзақ дайындалған болатын, сөйтіп уақыт өте келе зарыға күткен Раяна атты қыздары дүниеге келді. Жас отбасы әке-шешенің міндеттерін тең бөлуге тырысады.

«Раяна көбінесе әкесінің жанында шеберханада отырғанды, бір нәрсені шұқылағанды ұнатады. Біз оның қызығушылығымен үнемі бөлісіп, оған қоршаған ортаны тануға көмектесіп отырамыз. Кейде ол еркелікке салынып, осы қылығына мәз күлгенді жақсы көреді. Біз де үнемі оның қасынан табылып, қолдап және осы арқылы мықты отбасылардың бірі болуға тырысамыз», — дейді Ләззат.

Мамина принцесса, папина дочка

Для Бекжана и Ляззат родительство не стало неожиданностью. Пара готовилась к этому моменту долгое время, и в свой срок, на свет появилась долгожданная дочь Раяна. Молодая семья старается разделять родительские обязанности поровну.

«Частенько Раяна любит посидеть у папы в мастерской, где-то что-то поковырять. Мы разделяем ее любознательность, помогаем ей в познании ею окружающего мира. А иногда она любит просто подурачиться, задорно посмеяться. Мы стараемся всегда находиться рядом, поддерживать ее, и тем самым быть одной крепкой семьей», — рассказывает Ляззат.

Mummy’s princess, daddy's little girl

For Bekzhan and Lyazzat parenthood did not come as a surprise. The couple has been preparing for this moment, and in due time, the long-awaited daughter Rayana was born. The young family tries to share parental responsibilities equally.

«Rayana often likes to sit in her daddy’s workshop, picking up things. We share her curiosity and help her learn about the world around her. Sometimes she just likes to act all mischievous, to have a good laugh. We try to always be around her, support her, and just be one strong family», says Lyazzat.

Кіші Италия

«Кейде біз өзімізді және балаларды үйде жасалмайтын тағаммен еркелетуді ұнатамыз. Меніңше, бұл күндер балалардың есінде жақсы сақталатын сияқты. Әрине, біз барлық ата-аналар сияқты балалардың денсаулығына қамқорлық көрсетеміз. Кейде анамызға да үйде тамақ дайындаудан үзіліс жасау маңызды, себебі ең бастысы — біз біргеміз және әрқашанда көңілдіміз».

Ахметовтар отбасының әкесі

Маленькая Италия

«Иногда мы любим побаловать себя и детей недомашней едой. Мне кажется, именно такие дни детям запоминаются особенно. Мы очень заботимся о здоровье детей, как и все родители. Тем не менее, маме иногда нужно отдыхать от готовки. Главное — мы вместе, и нам весело!”

Папа семейства Ахметовых

Little Italy

«Sometimes we like to treat ourselves and the kids to non-homemade food. I think those are the days that children remember the best. We take our kids’ health and well-being very seriously, same as any other parents. Anyway, it is important sometimes for their mum to have a break from cooking at home. The most important thing is that we are together and we are having fun!»

Dad, Akhmetov’s family

Мерекелік дастархан басында

Бұрын қазақ халқында балаларды үлкен кісілермен бірге бір дастархан басына отырғызу дәстүрі болмаған десек те, бүгінде бұл қалыпты жағдайға айналып келеді. Қазір балалар мұндай ортада әсерлі ахуал қалыптастырады. Ата-аналарда таңдаудың болғаны жақсы.

За праздничным столом

Раньше у казахов не принято было сажать детей за один стол со взрослыми, сегодня – это обыденность. Дети своей компанией создают особую атмосферу. Хорошо, когда у родителей есть выбор.

At the festive table

Long time ago, the Kazakhs did not allow their children to sit at the same table with the adults but today it is a common thing. Children have their own way of creating a special atmosphere wherever they are. It is good when parents have a choice.