Статьи

‎Flow of the Earth —‎ ресейлік өнерпаздардың жұмыс үдерістерін айқын сипаттайтын көрме‎

2-ші маусымда Алматы қаласында Pomo Design Center ұсынған «‎Flow of the Earth»  («‎Жердің ағысы») атты көрме ашылды. Бұл көрме топтық болғанымен, басты концепция Гарсеван мен Карина Акопянның инсталляция мен видео-арт аясында құрастырылған. Одан бөлек тұмарларды жасаған – Павел Худяков, мүсіндерді жасаған – Надежда Абишева, Жанна Баракай, Багдат Сарсен қатысты. 

Экспозиция Pomo Design Center дүкенінің төменгі қабатында орналасқан. Көрмеге кірген сәтте қай суретші қай жұмысты жасағанын бірден түсіну қиынға соғады. Себебі, этикетаж (жұмыс туралы ақпарат пен суретшінің аты-жөні) берілмеген. Оның орнына, жұмыстардың бағасы берілген QR — кодтар ғана бар. Көрме коммерциялық болғанымен, мен суретшілер туралы ақпаратты алдыңғы қатарға шығарған жөн деп санаймын. Менің ойымша, Павел Худяков, Надежда Абишева, Жанна Баракай, Багдат Сарсен жұмыстарының басты мақсаты экспозицияны толықтыру. Мүсіндер әсем, әрі табиғи материалдардан жасалған, үйді безендіруге жақсы келеді. Надежда Абишева жасаған мүсіндердің пішіні шынымен-ақ сүйкімді. Бірақ, бүкіл жергілікті қолөнершілердің жұмыстары көрменің жай ғана қосалқы элементі болып келеді, тек безендіру үшін қолданылған. Көрменің бас кейіпкерлері — Акопяндар. Өзінің «‎Легенды о Сотворении Мира» атты фото триптихінде олар құдайлар және ғаламшар кейпінде бейнеленген.

Акопяндар өз кімдігінің сұрағына жауап табу мақсатында бұл жобаны жасаған. Себебі, олардың қандарында грузин, еврей, армян, орыс, украин, поляк және тіпті қазақ та бар екен. Олардың айтуы бойынша, аталған халықтардың пұтқа табынушылық дәстүрлерін зерттеу арқылы олар ортақ тұстарын тапты. Меніңше, бұл көрменің ең ойға қонымсыз тұсы. Қазақ халқы дәстүрінің нақты қай тұсы зерттелгені мен үшін әлі де жұмбақ боп қалды. Бірақ менің бар көргенім бұл Маңғыстау тауларының тұсындағы түсірілген ресейлік поп әншілердің эстетикасы. Қазақтың әшекейлерін киіп нені білдіргісі келген екен? Сонымен қоса, өзге халықтардың да дәстүрлеріне зер салып зерттелді деп айта алмаймын. Жай ғана өзіне ыңғайлы, эстетикалық тұстарды алып, бір-бірене жапсырып салған. 

Суретшілер концепцияның негізгі шабыт алған жері ретінде – Маңғыстау тауларын таңдайды. Себебі, бәріміз білетіндей қазіргі Қазақстан жерінде кезінде Тетис мұхиты болған. Акопяндардың концепциясы екі бөлімнен тұрады. Бұл «‎Күнайналым» мен «‎Махаббат» перформанстары. Бұл перформанстарды талдау өте қиын. «‎Күнайналымда» — бүкіл діндер мен халықтардың спираль тәрізді бейнеде тоғысуы болса, «‎Махаббаттың» басты ойы бұл логикаға қайшы келсе де махаббатпен бөлісу қажет дейтін пікір. Авторлар ақылға қонымсыз нәрсе істегенін мойындайтыны мені қуантады. Ал, тылсым дүниелерге толы Маңғыстау тауларын жай ғана эстетикалық видео түсіру үшін қолданылған ландшафт болуы мені ашуландырады.

Жалпы айтқанда, бұл Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысты бастағаннан кейін бас алған ресейлік өнерпаздардың жұмыс үдерістерін айқын сипаттайтын көрме. Кенеттен өзінің бойынан өзге ұлттың қанын тапқан ресейлік азаматтар «әлем азаматтарына» айнала салады. Олар үшін бүкіл халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері ашық қобдиша. Оларға сол жерде бәрін алып, үстіне әшекей сияқты кие салуға болады. Себебі, олар бізден бөлек биік жаратылыс. Сол себепті, олар өз-өздерін осы жердің құдайлары, күні мен ғаламшардың орталығы етіп бейнелеу орынды шығар. Дегенмен, мұндай ойлар мен пікірлердің Ресейдің отаршыл саясатының жаңа үлкен толқынымен тоғысуы да өте орынды. 

Меніңше, ең өкініштісі, бұл жоба немесе бұл концепцияның іске асуы емес. Әлбетте Ресейлік өнерпаздар өздерін тек құдай мен ғаламшар бейнесінде көреді. Басқаша болу мүмкін емес, бұны бәріміз білеміз. Бірақ, бұл көрме жергілікті қаржыландыру мен демеушілік тапқаны қынжылтатын нәрсе. Қаншама қазақстандық суретшілер өз жобаларына ақша таппай әлек боп жүр. Бұл көрме құлдық сананың айқын бейнесі. Осы көрмеге қатысқан жергілікті қолөнершілер ұялған жоқ па? Немесе ашуланған жоқ па? Мен үшін ең қызық тұсы осы.

Дария Темірхан

Recent Posts

Созданный Альянс кинематографистов Казахстана возрождает кинопремию «Тулпар»

Национальная киноакадемия, Союз кинематографистов и Лига кинематографистов объединились в Альянс кинематографистов Казахстана. Уже в этом…

2 августа, 2024

Айдара Омарова назначили врио президента «Казахфильма»

Азамат Сатыбалды покинул пост главы киностудии имени Шакена Айманова. Временно исполняющим обязанности президента «Казахфильма» назначен…

2 августа, 2024

Новый логотип Лондонского музея вызвал неоднозначную реакцию британцев

Лондонский музей, ранее известный как музей Лондона, представил свой новый логотип в виде белого фарфорового…

1 августа, 2024

Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские игры

Американский рэпер и креативный директор Louis Vuitton Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские…

1 августа, 2024

Более 1,5 млн зрителей посетили театры Казахстана с начала года

Всего с начала года состоялось 170 премьерных спектаклей в 57 государственных театрах страны. Об этом…

30 июля, 2024

Великобритания не будет строить тоннель недалеко от Стоунхенджа

Новое правительство Великобритании приняло решение отказаться от проекта строительства тоннеля недалеко от Стоунхенджа. Проект стоимостью…

30 июля, 2024