Шырақшы

Миллениалдар мен оларға әсер еткен pop culture: Леонид Ханның шығармашылығының негізіндегі уақыт пен кезең бейнесі

Шырақшы деп өнертанушы және куратор, Аида Әділбек Art of Her редакциясымен бірлесіп бастаған авторлық айдарын атаған болатын. Жобаның мақсаты Орталық Азияның заманауи өнер саласындағы суретшілер мен шеберлерге назар аударту және аудиторияны олардың шығармашылығымен таныстыру. Осы айдың кейіпкері — суретші, Леонид Хан.


Леонид Хан, өзінің графикалы жұмыстарымен танымал алматылық заманауи суретші. Ол графикамен қоса, мурал, көркем обьектілер және видео жұмыстар жасаумен айналысады. Дегенмен, қандай да медиуммен жұмыс жасағанда Леонидтің графикалық колтаңбасы бірден сезіледі.

Оның шығармашылығындағы аса маңызды ойлар соңғы 30-жылдық pop мәдениетпен тығыз байланыста дамып келеді. Суретшінің жұмыстарынан 90-шы жылдардан бертін әйгілі болып кеткен бейнефильмдер, видео-ойындар кейіпкерлері мен сол уақытта өзекті болған белгілерді де танып алуға болады. Көптеген миллениалдар секілді Леонид те сауық пен ақпарат көзі ретінде алдымен теледидарды көріп, кейіннен компьютер мен ғаламторға көшкен болатын. Дегенмен, оның барлық басты қалыптасқан идеялары тікелей балалық шағы жайлы естеліктерімен байланысты.


Өмірінің жастық кезеңінде әсер еткен бейнелері жайлы Леонидтің бірнеше ескі экрандарға салған көркем объектілі жұмыстары бар. Бұл теледидарлар мен компьютер экрандарының бетіне бояумен салынған минималисті бейнелерде скриншот секілді қалыпты тұрып қалған Леонидтің балалық шағындағы медиа мәдениеттегі ең танымал сәттерді бейнелейді. Олардың бірінде “Владислав Листьев убит” атты жұмыста аталмыш тұлға қайтыс болғаннан кейін көптеген ресейлік телеарналарда болған хабарламаның иллюстративті бейнесі. Листьев — Кеңес Одағында, кейіннен Ресейде танымал болған тележүргізуші, журналист, “ОРТ” арнасының басқарушысы және басқа да көптеген жұмыстарымен әйгілі кәсіпкер. Леонидтің айтуы бойынша 1995 жылы күні бойы теледидар бетінде болған бұл хабарландандыру сол кезеңнің жанжалды жаңалықтарының бірі болды. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан геосаяси мәселелерді еске ала тұрып, біз бұл жұмыстың жеке жадының құжаттамасы бола қоймай, сонымен бірге, қазақстандық медиа мен көрермендеріне ресейлік ақпарат көздерінің сонау кезден бері тигізіп келе жатқан зор ықпалының дәлелі ретінде көре аламыз. 

“Владислав Листьев убит”, 2018 ж.

Осыған ұқсас тағы бірнеше объектілерде теледидар бетіне ақ шимай ретінде суреттелген “white noise” бейнесінің стилизациясы бар болса, екіншісінде action-adventure жанрындағы, әлемнің түпкір-түпкірінде ең әйгілі видео-ойындардың бірі — GTA-дан (Grand theft auto) алынған, бояумен салынған сурет бар. Дегенмен, бұл екі бейне стильдік жағынан да, сезімдік және әлеуметтік жағынан екітүрлі оқиғаны баяндайды. 

“White noise” аумақтық, ауылдық жерлерде көп кездесетін, телеарналардағы ақаулар кезінде, бағдарламалар арасында немесе түнде көрсетілетін, тіпті гипноз арбай алатын бейне болатын. Суретшінің айтуы бойынша жастық шағында, Үштөбеде тұрып жатқанда Леонид осы бейнені теледидар алдында сағаттап қарап отыра беретін. Менің өзіме де балалық шағымнан таныс болып келетін бұл бейне 90-шы, 00-шы жылдардағы елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайдың көрінісі болып сезіледі. Леонидтің “В Абибасе” атты жұмысы да, жалған, жасанды бұйымның қорабында жатқан мысықты бейнелей отыра осы тақырыпты аша кетеді. Бұл сол уақыттағы Орталық Азия мен бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің нарығының келбеті секілді, елдегі экономикалық дағдарыс пен базарда да, ақпарат көздері мен медиа салаларында да тауар жеткіліксіздігін көрсетеді.

Ал кейіннен GTA ойыны шыққанда қалалы жерлерде интернет клубтар мен көптеген отбасының үйінде жеке компьютерлері мен ғаламтор қосылымы пайда болды. Бұл ақпарат алу және таратудың жаңа кезеңінің басы еді. Қазақстан секілді елдерге ендеше әлемдік, Батыс елдері мен Қиыр Шығыс сауық контенті көбірек келе бастады.

Ресейлік медиа секілді жоғарыда аталып кеткен жұмыстардағы контент те елдегі, аймақтағы осы буынның қалыптасуына әсер еткен pop мәдениеттің құжаттамасы бола алады. Осылайша Леонид өзінің туып өскен ортасын жеңіл, иллюстративті графика ретінде сала тұра, уақыт пен заман кескінін pop мәдениет кейіпкерлері мен белгілері арқылы сомдайды. 

Видео-ойындар тақырыбына қайтып келетін болсақ, Леонидтің айтуы бойынша:                                      

«Үрейлі заман уақытында тек виртуалды әлем арқылы қандай да бір өміріңдегі таңдау мен өз шешімдеріңе иелене алу сезімі пайда болады».

Бұл тақырып аясында Леонид соңғы бірнеше жылда топтамалық жұмыс жасауда. 2020 жылы оның алғашқы түрін MATA ұжымының көрмесінде көруге болатын. Онда “Навстречу приключениям” атты полиптих қабырғаға альтар ретінде безендіріліп ілінген. Әр кенепте батыр сауытының бір бөлшегі бейнеленіп тұр. Онда дулыға, қалқан, семсер және ондаған есе үлкен күш беретін жүзік бар. Пішіні бойынша әр элемент балаларға арналған ойындардағы мәнерге ұқсатылып салынған. Барлығы алтын жалатылып, жан-жағы жалт-жұлт етіп тұрған жалтылдарға толы. Дәл ойындағыдай бұл шығармашылық шешімдер жұмысты әсерлендеріп, бейнені күшейтеді. Сауыт астында ешқандай кейіпкер жоқ. Яғни, кімде кім өзін осы сауытты киіп жүрген батыр ретінде елестете алады. 

Кейіннен Леонид жұмыстарды әрі қарай өзгертіп, шынымен де видео-ойын нұсқауларын жалғастырып, сауытты модификациялай бастады. Демек, ойыншы жүрісі мен ойыны жетелене келе, оның артекфакттері мен қорғаныш төлсипаттары да жаңарады. 2022 жылы Украина жерінде басталған Ресейдің шабуылы Леонидтің бастапқы концепциясын біраз өзгертіп жіберді. Өйткені, сауытты жинап жатқанда ең басында біз өз-өзімізге қорғаныш пана іздейміз, сондықтан тез арада көбірек қару табуды ойлаймыз. Бірақ күшейе келе, адам баласы болсын, біздің ойнап отырған ойынымыздағы кейіпкер болсын, қаншалықты бұл адам өз-өзін басқыншыл, әлімжеттік іс-қимылдардан тоқтата алады? Өзіңді қорғау мен басқаға ұрынудың айырмашылығы үлкен бе? Демек, қорғаныш үшін қарулану мен басқыншылық шабуылға дайындалу арасында жатқан шекара біз үшін көрінбеуі де мүмкін. 

Полиптих қазір жиырмадан астам кішігірім жұмыстармен толтырылып келе жатыр. Жұмыс әлі аяқталмады. Кішкентай жұмыстарда ендеше тек сауыт бөлшектері емес, тылсым күштердің нысандары көп. Олардың әрқайсысының артында суретші жазып қойған тілек-сөздері бар. Яғни, әр жұмыстың иесіне белгілі бір күш-қуат тіленеді. Ендеше, олар осы жұмыстарды үйлеріне әкеле отыра, өздерін де қорғай алады. Леонид өз-өзін енді шабуылға дайын батыр ретінде емес, өз уақытының сиқыршысы ретінде көре бастағаны. Өйткені, Питер Паркердің Бен көкесі айтпақшы “Аса күшпен, аса үлкен жауапкершілік келеді”. Өз-өзіңді қорғап үйренгеннен соң, ол білімді ары қарай тарату әрбір ақылды батырдың міндеті.


Фотосуреттер авторы: Юло Хан.
Көркемдік жетекші: Аида Әділбек.
Мәтін авторы: Аида Әділбек.
Бас редактор: Рус Бикетов.
Сәнді көркемдеуші: Асель Нусипкожанова.
Макияж: Ольга Огнева.
Шаш сәншісі: Евгений Крич.

Аида Әділбек

Кураторка, искусствоведка, художница, постоянная авторка Art of Her

Recent Posts

Созданный Альянс кинематографистов Казахстана возрождает кинопремию «Тулпар»

Национальная киноакадемия, Союз кинематографистов и Лига кинематографистов объединились в Альянс кинематографистов Казахстана. Уже в этом…

August 2, 2024

Айдара Омарова назначили врио президента «Казахфильма»

Азамат Сатыбалды покинул пост главы киностудии имени Шакена Айманова. Временно исполняющим обязанности президента «Казахфильма» назначен…

August 2, 2024

Новый логотип Лондонского музея вызвал неоднозначную реакцию британцев

Лондонский музей, ранее известный как музей Лондона, представил свой новый логотип в виде белого фарфорового…

August 1, 2024

Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские игры

Американский рэпер и креативный директор Louis Vuitton Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские…

August 1, 2024

Более 1,5 млн зрителей посетили театры Казахстана с начала года

Всего с начала года состоялось 170 премьерных спектаклей в 57 государственных театрах страны. Об этом…

July 30, 2024

Великобритания не будет строить тоннель недалеко от Стоунхенджа

Новое правительство Великобритании приняло решение отказаться от проекта строительства тоннеля недалеко от Стоунхенджа. Проект стоимостью…

July 30, 2024