Маусым айының 4-ші күні, Almaty Museum of Arts белсенді құрылыс жүріп жатқан алаңында баспасөз туры өтті. Музей боынша экскурсияны Almaty Museum of Arts музей қызметінің директоры Меруерт Қалиева, өнертанушы және музейдің көрмелерін үйлестіруші, заманауи өнер және мәдениет зерттеушісі, Маржан Алпысбаева өткізді.
Музейдің басты мақсаты – елімізде жай ғана бірегей кеңістігін құру ғана емес, оны қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі қолжетімді ету. Алматы қаласының келбетінде Almaty Museum of Arts музейінің пайда болу жобасы қазақстандық кәсіпкер, меценат Astana Motors, Mega, Mycar қалаушысы Нұрлан Смағұлов себепші болды. Astana motors компаниясының бас директоры Бекнур Несипбаевтың айтуы бойынша, бұл музей әлемдегі музейлермен қатар туристтердің «Must visit» саналатын қаланың көрнекті орындарының бірі болып табылуы керек деп үміттенуде.
Сол үшін музей қазақстандық өнер топтамасын көбейтіп, көрермендерді халықаралық беделді көрмелерде өткізіліп жатқан заманауи өнер туындыларымен таныстыруды жоспарлап отыр. Аумақтың жалпы ауданы –1,84 га, ал музейдің өзі – 9000 м2. Ғимараттың дизайны Крис Лансбури бастаған Британдық Chapman Taylor сәулет бюросымен жасалған. Бюроның басқа жобаларын атап өтсек, олардың арасында: Катардағы Ислам өнері музейі, Париждегі Помпиду орталығы, Лувр, Бильбаодағы Гуггенхайм музейі және тағы да басқа да көрнекті кеңістіктер. Бюро Almaty Museum of Arts музейін Lord Cultural Resources халықаралық музейлерді жоспарлау Консалтингтік компаниясымен бірлесіп әзірлеуде.
Almaty Museum of Arts ғимаратының сәулеттік идеясы – Алматының таулы аймағы мен қалалық ортаны байланыстыру. Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында екі материал қолданылды: тауларды бейнелеуге тас, қаланы бейнелеуге металл. Сонымен қатар, құрылым жергілікті ауа райының және сейсмикалық төзімділікті ескере отырып жоспарланған. Инновациялық музейдің ғимаратына пайдалынылған материал сәулеттік идеясына сәйкес. Тас – Юра әктасы, ол 100 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған және ол Баварияда өндіріледі. Әктастың әр кесіндісі ерекше және ежелгі органикалық қалдықтарынан тұрады. Қасбеттің басқа бөлігі анодталған алюминиймен жабылып, үшінші қаптау материалы – COR-TEN болатынан жасалады. Уақыт өткен сайын, бұл материал өте әдемі тот басқанымен, бұзылмайды, керісінше, болатты коррозиядан сақтап, ауа-райы мен жарыққа байланысты түсін өзгертеді.
Сонымен қатар, музейдің жанында орналасқан Almaty Theatre ғимараты, қала тұрғындары үшін жаңа мәдени кеңістікті құрайтын болады.
Almaty Museum of Arts қаламызға мәдени орталық ашылуымен қатар, өнер әлемінде танымал сурешілердің жұмыстарын әкеледі. Олардың арасында Яйой Кусама, Ансельм Кифер, Билл Виола, және тағы басқалар.
Музейде тұрақты және уақытша экспозицияларға арналған залдар, концерттер мен кинокөрсетілімдерге арналған трансформалы зал, мастер-класстар бөлмесі, реставрация залы қарастырылған. Уақытша экспозицияларға арналған залдың төбе биіктігі 12 метрге жетеді. Музейдің қорында 5000-ға дейін экспонат сақталады. Сондай-ай ақ, қойманың ерекшелігінің бірі – музей қонақтары сақтаулы тұрған экспонаттарды көреді. Экспонаттарды сақтау мақсатында музейдің қорында өрт қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын ескере отырып жасалған.
Музейдің тұрақты экспозициясының негізінде, коллекционер Нұрлан Смағұлов 30 жыл бойы жинаған ХХ ғасырдағы Қазақстан бейнелеу өнерінің топтамасы ұсынылады. Сонымен қатар, көрермендер еліміздегі заманауи өнер дамуының басында тұрған қазақстандық суретшілердің жұмыстарын тамашалай алады.
Уақытша экспозиция залының бағдарламасы әр жарты жыл сайын ауысып, ал тұрақты экспозиция екі жылда бір рет өзгеріп тұрады. Музейде экспонаттарды сақтау жүйесінің жоғарғы деңгейінің арқасында, Орталық Азияда болмаған халықаралық көрмелер мен көрнекті өнер нысандарын тамашалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда музей әлемге танымал суретшілердің туындыларын сатып алған: неміс суретшісі Ансельм Кифердің «Бұл жазбалар өртеніп кеткенде, олар аздап жарық береді» инсталляциясы. Ансельм Кифер өзінің батыл көзқарасымен және неміс болмысын зерттеуімен танымал. Оның шығармалары ұлттық жарақат пен есте сақтау мәселелерін жиі қозғайды. А. Кифер туындылары мен инсталляциясы суретшінің оның туған елімен ерекше диалогы болып табылады. «Бұл жазбалар өртеніп кеткенде, олар аздап жарық береді» инсталляциясын Нұрлан Смағұлов 59-шы Венеция биенналесінде сатып алды.
Яеи Кусама – қазіргі заманның ықпалы зор және маңызды суретшілерінің бірі. Кусаманың жұмыстары бүкіл әлемдік көрмелерде қойылады. Сән үйлері онымен бірлесіп ынтымақтастық жасайды, ал келушілер суретшінің туындыларын әйгілі айна бөлмелеріне кіру үшін бірнеше сағат кезекте тұрады. «Махаббат шақырады» атты туындысы суретшіге тән түрлі-түсті мүсіндермен ұсынылған, осы инсталляцияда көрермендер Яеи Кусаманың жапон тілінде оқыған Махаббат туралы поэмасын естиді.
Ричард Серра – америкалық танымал заманауи мүсіншілерінің бірі. Оның болаттан жасалған монументалдық «Қиылыс» атты 25 метрлікмүсініне бөлек зал қарастырылған. Бұл инсталляцияның ішіне кіріп қана қоймай, музейдің екінші қабатынан туындының ерекше көрінісі ашылады. Ұлы француз суретшісі Фернан Леженің «Әйелдер мен тотығұс» керамикалық панносы да Almaty Museum of Arts қабырғасында орын табады.
Йинка Шонибаре-Нигериядан шыққан заманауи британдық суретші, Еуропа мен Америкада тарихи және әдеби-көркем реминисценциялардың шеберінің мүсіні де музейдің алдында орналасады.
Жалпы инвестициялар сомасы 100 миллион АҚШ доллары, оның ішінде шамамен 35% музей құрылысына жаратылған болса, 65% әлемде танымал өнер туындыралын сатып алуға бөлінген.
Мұндай музейдің Алматы қаласы үшін пайда болуы үлкен маңызға ие. Бұл тұрғындар мен қонақтарға заманауи өнермен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Елден шықпай-ақ, маңызды өнер туындыларымен таныс болатын болашақ ұрпақ мәдени жағынан рухани дамиды.
Музейдің ашылуы 2025 жылдың сәуір айына жоспарланған.
Национальная киноакадемия, Союз кинематографистов и Лига кинематографистов объединились в Альянс кинематографистов Казахстана. Уже в этом…
Азамат Сатыбалды покинул пост главы киностудии имени Шакена Айманова. Временно исполняющим обязанности президента «Казахфильма» назначен…
Лондонский музей, ранее известный как музей Лондона, представил свой новый логотип в виде белого фарфорового…
Американский рэпер и креативный директор Louis Vuitton Фаррелл Уильямс предлагает вернуть конкурсы искусств на Олимпийские…
Всего с начала года состоялось 170 премьерных спектаклей в 57 государственных театрах страны. Об этом…
Новое правительство Великобритании приняло решение отказаться от проекта строительства тоннеля недалеко от Стоунхенджа. Проект стоимостью…